10
November
2020
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы" Education Department of Kerbulak district
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мдшо" кмм 10 қараша күні каникул кезінде балаларды жұмыспен қамтудың жалпы тәсілдерін әзірлеу, білім беру ұйымдарында шығармашылық, спорттық көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімі Дамир Алтынбекұлының ұйымдастыруымен Көлтабан мектебінің түлегі, ауылымыздың мақтанышы, параолимпиада ойындарының Чемпионы, "Садақ атудан" республикалықчемпионаттардың жүлдегері Саркулов Қайратпен Көлтабан негізгі орта мектебінің 8,9 сынып оқушылары арасында онлайн кездесу өтті. Қайрат аға оқушылардың әрбір сұрағына жауап беріп, жетістікке жету жолындағы ерік-жігер мен намысты додалардағы қиын кезеңдері жайлы баяндап берді. Жас жеткіншектерге спорттағы жетістіктерді бағындыру, салауатты өмір салтын ұстану, әлемді тану бағытында ақыл кеңесін айтты.
Көлтабан ауылы Қайрат ағамен мақтанады! Жастар жалынды спортшыға қарап бой түзейді. Осындай ерлері бар елдің Көк Туы биіктен желбірейді.