"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы"
Қыркүйек айының 8 күні 8 - сынып оқушыларының ата - аналарымен қашықтықтан жиналыс өткізілді. Жиналыстың тақырыбы: Штаттық режимді сақтай отырып, оқу процесін ұйымдастыру кезінде санитарлық талаптарды сақтау. 8 - сынып жетекшісі Е.Қ.Біржанов түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Пандемия кезінде ең бірінші оқушылардың денсаулығы маңызды екендігі айтылды. Мектеп күшейтілген режимді қатаң сақтауда. Оқушылар таңертеңгі фильтрден өткізіледі. Тепловизормен температуралары өлшенеді. Маска киюі сақталады.