"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен " » Көлтабан орта мектебі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » "Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен "
18
October
2022

"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен "

Жетісу облысының өңірлік төлтаңбасының (герб)
аннотациясы
Жер жаннаты Жетісу облысының өңірлік төлтаңбасы (герб) шеңбер ішінде орналасқан. Мемлекеттік тудың көк және алтын түсіне негізделіп, бұлтсыз ашық аспанды, облыс халқының  бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Көк түс бейбiтшiлiк пен жақсылықтың, ал сары түс байлық пен берекенің белгісі ретінде қабылданады.  
Негiзгі нышандардың бірі – шаңырақ, мемлекеттiң іргетасы – отбасының бейнесi. Ол – киiз үйдiң жоғарғы бөлігі, көшпелi түркiлер үшiн туған жерді, еркіндікті, Отанды бейнелейді. Бiр шаңырақтың астында татулықта өмiр сүретiн облыс халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, бет-бейнесiн білдіреді. Шаңырақтың екі уық тәрізді элементінде алтын түспен  «ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ» деген жазу жазылған. 
Өңірлік төлтаңба (герб) ортасында тау бейнеленген. Жетісу Алатауының ұзындығы 450 км, ені 100-250 км. Биіктігі 4622 метр. Гербте мәңгі ерімейтін мұздықтар суреттелген.  
Жетісу облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқандықтан, таңның алғашқы шапағы киелі өңірден бүкіл елімізге нұрын шашады. Күн сәулесінің таудың арғы жағынан таралғаны көрсетілген.
Ортасында – Талдықорған қаласының символы «Жетісу монументі» және Ұлы Жібек Жолының нышаны – көш керуен (түйелер) бейнеленген. 
 Су толқындары, ондағы сары және көк сызықтар – Жетісу жеріндегі жеті өзенді, Балқаш, Алакөл көлдерінің айдынын білдіреді. 
Өңірлік төлтаңбаның (герб) екі жағында орналасқан таутекелердің бейнесі – Жетісу аймағының бірегей табиғатын суреттейтін, өлкенің тарихи-мәдени мұрасы. Петроглифтер тастағы безендірулерінен алынған. 
Жетісу жері – бау-бақшасы, дәнді дақылдары жайқалған аграрлық өңір болғандықтан, жасыл желекті өсімдіктер, бүршік жарған гүлдердің бейнесі көрсетілген. 
Шеңбер қазақтың қошқар мүйіз ою-өргенімен  көмкеріліп, шынайы мағынасы шексіздікті білдіреді.    
Төлтаңбада (герб)  сипатталған элементтер көркем үйлесім тауып, мағыналы-эстетикалық композицияны құрайды.
Жетісу облысының өңірлік төлтаңбаның (герб) авторы: 
Дауренбаев Есет Жеңісұлы
ҚР Суретшілер одағының, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі, 
ҚР Көркем академиясының корреспонтент мүшесі, вице-президенті
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив