Тарихымыз - Көлтабан орта мектебі https://koltaban-aksu.mektebi.kz/ ru Тарихымыз - Көлтабан орта мектебі DataLife Engine Мектеп тарихы https://koltaban-aksu.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/8-mektep-tarihy.html https://koltaban-aksu.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/8-mektep-tarihy.html

 

Талдықорған облысы, Қапал ауданы, Абай колхозына

қарасты Көлтабан ауылында 1962 жылы 4 жылдық

бастауыш мектеп ашылып , меңгерушілігіне Жетпісбаев

Сансызбай тағайындалды. Мектептің ашылуына кеңшардың

бастығы Н.Түшкенов, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі

И.Н.Дамулин, аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы

Т. Кәріпжанов үлкен көмек көрсетті.

Қапал ауданы, Абай колхозына қарасты, Көлтабан

ауылында колхоз бастығы, Б. Жүнісовтың, мектеп

меңгерушісі С. Жетпісбаевтің бастамасымен ауыл балаларынаарнап, 8- жылдық мектеп ашутуралы игі бастамасымен 1977 жылы Көлтабан орталау мектебінің құрылысы басталып, 1978 жылы толығымен пайдалануға берілді. Жаңа мектепкеКеңес одағының батыры Нұркен Әбдіровтың есімі беріліп, директоры М. Кененбаев болды. Мектептің жалпы көлемі 413м2 Алғашқыжылдары 18 мұғалім қызмет атқарып, 120 оқушы білім алды.

Көлтабан сегіз жылдық мектебі 1989 жылы Көлтабан орталау мектебі болып қайта өзгертіліп сол жылдары мектеп директоры

Е. Борантаевқызмет атқарды.

 

 

Мектеп тарихында қызметте болған мектеп басшылары.

 

 

 

 

 

Жетпісбаев Сансызбай 1929 ж Талдықорған облысы , Қапал

ауданы, Көлтабан ауылында дүниеге келген.1946 жылы Қапал

педагогикалық учелищесіне түсіп, оның толық курсын1948ж

аяқтап, бастауыш сынып мұғалімі деген мамандық алып

шығады.1948-50 ж Талдықорған ауданының Еңбек ауылында

мектеп меңгерушісі қызметін атқарған.1950-1953 ж Совет

армиясының қатарында болған.1962-1989 ж аралығында оқу ісі

жөніндегі орынбасары болды.1965-1988 жылдары аудан

көлемінде инспекторлық тексеру жұмысына қатысып

пропогандист және цехтық партия ұйымының хатшысы

селолық советтіңдепутаты болады. Облыстықмұғалімдердің

ІІ- съезіне делегат болып қатысып бастауыш класс секциясын басқарды.1989-1992 ж Көлтабан ауылындағы балабақша меңгерушісі қызметін істеді. Аудан, облыс, республика көлемінде алған наградалары мен грамоталары.«1941-1945 ҰОС қажырлы еңбегі үшін» медалімен, Қаз ССР оқу министрінің «Аға мұғалім», ССРО Жоғарғы Совет призидиумы атынан «Еңбек ардагері» медалімен, «1941-1945ж ҰОС Жеңісінің 50 жылдығы» мерекелік медалімен, «1941-1945 ж.ж соғыс ардагері»белгісі Жеңістің 55 жылдық құрметіне және Қазақстан Республикасының Президентініңқұттықтауы, «1941-1945 ж.ж Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 60 жылдық» мерекелікмедалімен. ССРО халыққа білім беру мемлекеттік комитетінің «Керемет грамотасы», Облыс көлемінде үш рет «Құрмет грамотасымен», Қаз КП облыстық комитетінен, Аудан көлемінде партия комитетінен үш рет «Құрмет грамотасы», аудандық білім бөлімінің үш «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

 
 

 

Кененбаев Мырзахмет 1939 жылы 1- ақпанда Талдықорған облысы , Қапал

ауданы, Көлтабан ауылында дүниеге келген.Білімі жоғары.1946-1950 Алматы

қаласындағыАбай атындағы ҚазақПедагогикалық Институтының математика

факультетінбітірген.Жалпы мұғалімдік еңбек өтілі 40 жыл.1978-1984 ж,

1994-1995 жылдары Көлтабан орталау мектебінің директоры қызметін атқарған.

Облыс көлемінде алған мақтау қағаздары мен грамоталары бар. Қазіргі уақытта

зейнеткерлікте.

 

 

 

 

 

Қанапиянов Асан Қажиахметұлы 1964 ж Қапал ауданы Көлтабан ауылында дүниеге келген. 1981-1984 ж әскери борышын өтеп, 1985-1989 жылдары Семей педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы денешынықтыру пәнмұғалімі. Көлтабан негізгі мектебін 1993-1994 жылы мектеп директоры қызметін атқарған . Білімі жоғары,жалпы еңбек өтілі 25 жыл, 14 санаттағымұғалім. Қазіргі таңда Алматы қаласы , Жетісу ауданы №87 орта мектебде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Облыс көлемінде үш рет «Құрмет грамоталарымен», Алматы облыстық білім департаментінің «Алғыс хатымен» марапатталған

 

Мұратбеков Аян Тұрсынбайұлы 1980 жылы Ақсу ауданы Сағабүйен ауылында дүниеге келген. 2002 Абылайхан атындағы Халықаралық әлем тілдер университетін бітірген. Көлтабан негізгі мектебінде 2006-2007 оқу жылында мектеп директоры қызметін атқарды. 2008-2009 оқу жылында Алажиде орта мектебінің директоры болды.


 

 

 

 

 

 

Базаров Талап Темірбекұлы 1974 жылы Алматы облысы ,Ақсу ауданы Ойтоған ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепті бітірген.1994 жылы Үлгілі орталау мектебінде еңбек пәнініңмұғалімі, 1999 -2004 ж Алажиде орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі. 2004-2005 жылы Алажиде орта мектебінің тәрбие ісінің орынбасыры, 2005-2007 жылы Аудандық білім бөлімінде бас маман қызметін атқарған. 2007-2015 жылдан бастап Көлтабан негізгі мектебінің мектеп директоры қызметін атқарды. 2015 жылдан бастап Алажиде орта мектебінің директоры болып қызмет атқарады.

 

 

 

 

Біржанова Жамбы Құдайбергенқызы 1980 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы , Көлтабан ауылында дүниеге келген.1995 жылы Көлтабан негізгі мектебін, 1997 жылы Талдықорған қаласындағы №19 М.Жұмабаеватындағы мектеп-гимназиясын бітірген. 2001 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің педагогика-психология факультетін бітірген. 2002-2005 жылы Талдықорған қазақ-түрік лицейінде педагог-психолог, 2006 - 2007 жылы Көлтабан негізгі мектебінде педагог психолог, 2007 жылдан бастап директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2015 жылдан бастап мектеп директоры болып қызмет жасайды.

 
 
]]>

 

 

]]>
admin Sat, 29 Apr 2017 00:39:53 +0600