03
октябрь
2020
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз — ұлағатты есім. Себебі, болашақты тәрбиелейтін ұстаздар қауымы екендігі баршамызға ақиқат. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім - тәрбие беруде ұстаздың еңбегі зор. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Сондықтан ұстаздарымызға құрмет көрсету-баршамыздың парызымыз. Қадірменді ұстаздар! Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз зор орасан екенін білеміз. Сіздерге осы ұстаздық жолда тек шығармашылық табыстарға кенелулеріңізге тілектеспін. Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға да амандық тілеймін!!!
