04
октябрь
2022
Көлтабан негізгі орта мектебі
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы - бұл зияткерлік мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруға қатысу формасы, ол оқушылардың мұғалімдер құрамымен және зияткерлік мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатысуын қарастырады. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы қызметінің негізгі мақсаты: Оқушылардың жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар, шешім қабылдауға қабілетті, жауапты және тәртіпті, өз бетінше таңдау жасауға дайын және мектепте белсенді өмірлік ұстанымға ие тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Көлтабан негізгі орта мектебінің өзін-өзі басқару ұйымы мұғалімдер күніне орай пән мұғалімдердің орнына сабақ жүргізді.
Оқушылар Президенті Бексұлтан Бекзат мектеп директорының,оқу министрі Сейдахмет Елдос директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарының, мәдениет министрі Сейіт Шырай директордың тәрбие -ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, оқу процесінің тиімді ұйымдастырылуына бақылау мен басшылық жасады.