18
октябрь
2022
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен " кмм
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25 қазан - Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар жоспары аясында 1-4 сынып оқушыларының арасында "Мен Отанның бақытты ұланымын" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.