17
март
2023
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектепалды даярлық сыныбы мен бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен "Наурыз" мерекесіне орай "Бақ дарытар құт Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға, қонақтарға қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрлері көрсетілді.
2-сынып-"Құда күту" салт-дәстүрі.
Мектепалды даярлық сынып- "Қыз ұзату" дәстүрі.
3-сынып- "Ат қою" салт-дәстүрі.
4-сынып- "Тұсаукесер" сияқты салт-дәстүрлері көрсетілді.
Мақсаты: Оқушыларға Наурыз – жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін, тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан салт-дәстүр, ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.