25
апрель
2023
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өтті .
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өмір сүруді жалғастыруда, тек ауқымымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму процесін, нарықтық экономика құрылысын, инвестиция тартуды тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.
Тәрбие сағатының мақсаты:
“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.