22
октябрь
2024
“Көлтабан негізгі орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен”коммуналдық мемлекеттік мекемесі
“Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында “Танымдық-зияткерлік” онкүндігі жоспар бойынша қорытындысы өтті. Онкүндіктің қорытынды кезеңін алдын ала мектеп психологі Н А.Есжановадан оқушылардан “Менің болашақ мамандығым” тақырыбында сауалнама алып беру сұралды. Сынып жетекшілерден оқушылардың суреттері жинақталды. Осылайша жинақталған суреттерден таңдаған мамандығы бойынша “Досыңның эмоциясын көргің келе ме?” деген тақырыпта шарамызды бастадық. Кеш “Көңіл күйіміз керемет” тренингімен басталып, мамандық жайында видеоролик көрсетіп, оқушылардың өздері қалаған мамандық бойынша 10 жылдан кейінгі бейнесін көрсету арқылы керемет көңіл-күй сыйладық.
Ұйымдастырған: Г.А.Канапянова, Г.Дүйсенбек, Ж.М.Ибрайымов
