Қамқоршылық кеңес отырысы » Көлтабан орта мектебі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
май
2019

Қамқоршылық кеңес отырысы

«Көлтабан негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамқоршылық кеңесінің
№2 Хаттамасы
08.05.2019ж
Қатысқандар- 9
Күн тәртібінде:
1. Қайырымдылық қызметінің жүзеге асырылуы. Әлеуметтік көмек қажет ететін отбасы балаларына материалдық көмектің көрсетілуі
2. Мектепке демеушілік көрсеткен тұлғалардың тарапынан берілген қаражаттың жұмсалуы
Тыңдалды:
Мектеп директоры Ж.Біржанова жиналысты ашық деп жариялап, күн тәртібіндегі жоспармен таныстырды және әлеуметтік көмек қажет етеін отбасы балаларына материалдық көмек көрсетілуі бойынша атқарылған жұмыстарға мәлімет жасады.
Мектепте аз қамтылған отбасы балалалары саны-10. Осы аталған балаларға «Қайырымдылық» акциясы кезінде 53000 /елу үш мың/ теңге көлемінде мектеп мұғалімдері тарапынан қыстық киім-кешек алып берілді. Үйден оқитын 5-сынып оқушысы Абдрахманов Ұлағатқа Көшкентал ауылдық округі Әкімі Ұ.Сериковтың тарапынан мектеп сумкасы, оқу-құралдары берілді. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Даулетжан тарапынан 15000 теңгеге /он бес мың /қыстық куртка алып берді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына жалпыға бірдей міндетті оқу айлығынан 108000 /жүз сегіз мың/ теңгеге қыстық аяқ киім, курткалар алынды. Мектепте құрылған комиссия негізінде барлық балаларға таратылып берілді. Жаңа Жыл мерекесінде мектеп әкімшілігі тарапынан 5-сынып оқушысы Сейдахмет Елдосқа, 5-сынып оқушысы Абдрахманов Ұлағатқа, 5-сынып оқушысы Тәңірберген Ділнәзға мерекелік костьюмдер мен жаңа жылдық сыйлықтар алып берілді. Барлық көрсетілген көмектің қаражаты 25000 /жиырма бес мың/ теңгені құрайды.
1. Мектепке демеушілік көрсеткен тұлғалардың тарапынан берілген қаражаттың жұмсалуы:
Жаңа Жылдық мереке аясында мектепті безендіру барысында Ұ.Ұлшабектің демеушілігі тарапынан 15000 /он бес мың/ теңгеге көрнекіліктер алынды. Сонымен қатар, мектепте наурыз айында өткен «Жыр құлагері -Ілияс» атты жыр кешіне байқауға қатысып, жүлделі орын алған балаларға тіл пәндері мұғалімдері тарапынан 10000 /он мың теңгеге/ сыйлықтар берілді. ТЖО «Жол» фирмасы демеушілігімен арнайы машина бөліп, Құрақсу негізгі орта мектебінен 18 парта, 30 орындық тегін жеткізіп берілді. Мамыр айында 6-сыныптың ата-аналары демеуімен бір күндік туристік жорыққа 12 оқушы Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров музейіне, М.Тынышбаев атындағы «Өлкетану» мұражайына барып келді. 9-сыныптың ата-аналарының демеушіліген мектепке құны 11500 теңге тұратын 2 микрофон алып берілді. Ата-ана А.Есееваның тарапынан 6000 теңге тұратын «Сызғыштар топтамасы» алып берілді.

Шешімі:
1. Әлеуметтік көмек қажет ететін отбасы балаларына материалдық көмектің көрсетілуі ұйымдастырылсын.
2. Мектепке демеушілік көрсеткен тұлғалардың тарапынан көрсетілетін көмек жалғастырылсын.

Қамқоршылық кеңес мүшелері:
М.А.Рахимов
Ұ.Т.Саркулов
М.С.Омаров
Е.Ж.Есеев
Ә.Ж.Беков
Ұ.Әнуар
Ф.Ш.Жунусова
С.А.Саркулова
М.Т.Сергазиева






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив