20
октябрь
2023
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектептің тәрбие жұмысына сәйкес МАД сыныбы мен 1-9 сыныптар аралығында "Күз мереке, күз береке" тақырыбында жәрмеңке ұйымдастырылды.Жәрмеңкенің мақсаты: күз уақыты молшылыққа толы болғандықтан күздің мерекелі, берекелі кезін насихаттап, оқушыларды талғампаздыққа, еңбекқорлыққа баулу, балалардың қызығушылығын арттыру және ата-аналармен тығыз байланыс орнату болды. Әр сынып әртүрлі тағамдар дайындап, тағам түрлері санитарлық талапқа сай болды. Белсенділік танытқан ата-аналарға алғыс білдіреміз!
