26
декабрь
2023
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
“Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес “Төрлет, құтты, Жаңа жыл!” тақырыбында шырша мерекесі өтті. Оқушылардың көптен күткен бұл мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетумен қатар түрлі ойындар ойнап, әр сынып бір-бірлеріне жұмбақтар жасырып, жаңа жылға байланысты қабырға газеттерін қорғап кешті әсемдете түсті. Мерекелік шараға орай Шағын орталық, 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сынып оқушыларына мерекелік көңіл-күй мен қатар демеушілік танытылды. Жеке шаруа қожалығы бойынша Есеев Жаудат атамыз, ауылымыздың кәсіпкер азаматтары Беков Ержан, Исабеков Бағлан ағаларымыздың ұйымдастыруымен 75 балаға жаңа жылдық тәттілер таратылды. Халқымызда бір бала қуанса, мың періште қуанады демекші балалардың қуанышында шек жоқ. Бүгінгі күннің атымтай жомарты аталған атамызға, ағаларымызға мектеп ұжымы мен әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз @aksu_bilim_bolimi20 #біртұтас_тәрбие