"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен "
Жетісу облысының өңірлік төлтаңбасының (герб) аннотациясы Жер жаннаты Жетісу облысының өңірлік төлтаңбасы (герб) шеңбер ішінде орналасқан. Мемлекеттік тудың көк және алтын түсіне негізделіп, бұлтсыз ашық аспанды, облыс халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Көк түс бейбiтшiлiк пен жақсылықтың, ал сары түс байлық пен берекенің белгісі ретінде қабылданады. Негiзгі нышандардың бірі – шаңырақ, мемлекеттiң іргетасы – отбасының бейнесi. Ол – киiз үйдiң жоғарғы бөлігі, көшпелi