15
октябрь
2021
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2021 жылдың 18 қазан күні "Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9- сынып білім алушыларымен “Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында Ақсу аудандық Полиция бөлімінің (АПБ) жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі (ЖПҚБ) ювеналды полиция тобының (ЮПТ) инспекторы Оглам Бауыржан Огламұлымен кездесу өтті.
Кездесу мақсаты:
• жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу;
• білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру;
• қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.