07
октябрь
2021
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылар арасында құқықтық тәрбие жұмысын нығайту, құқықтық тәртіп бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Құқық - өмір айнасы" атты онкүндік барысында іс- шаралар жоспарлы өтуде.
"Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары" тақырыбында 6 сынып жетекшісі: М.О.Кажиахметова тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түсініктерін қалыптастыру.Өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.