14
февраль
2024
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
“Көлтабан негізгі орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Бір тұтас тәрбие жоспары негізінде “Оқуға құштар мектеп”жобасы аясында “Мақал-сөздің азығы,Жұмбақ-ойдың қазығы” тақырыбында мектепалды даярлық сыныбының оқушылары мен ата-аналар арасында сайыс сабақ өткізілді.
Мақсаты: Мақал- мәтел ата бабамыздан қалған өшпес мұра.Көлемі жағынан шағын болғанмен, мағынасы терең, құны қымбат қазына.Мақал-мәтел тәрбиелік мәні зор, рухани байлық туралы мағлұмат беру.Білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау,мақал-мәтелдерді орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру.Тіл қай ұлтта,қай елде болса да құдыретті, қастерлі.Ана тілімізді дамытып, балалардың қызығушылықтарын арттыру.
Ұлттық мүде құндылығына тәрбиелеу.Ұлттық қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту.Шешендік сөйлеуге,сөз астарлы мағыналы түрде сипатын көрсету,сауаттылыққа тәрбиелеу. @aksu_bilim_bolimi20 #біртұтас_тәрбие
