08
октябрь
2024
“Көлтабан негізгі орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен”коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектептің жаңа Президентінің сайлауалды науқаны өзінің логикалық қорытындысына келді. "Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бұл оқиға әр оқу жылының басында өтеді. Сондықтан үміткер оқушылар мектеп Президентін сайлау олардың сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруға негізделгенін біледі. Біздің оқушылардың сайлауға қатысуы әрқашан ерікті болып табылады. Сайлау басталған кезде барлық үміткерлер Президентке қандай талаптар қойылатынын біледі және өздерінің сайлау бағдарламаларын дайындайды. Әр үміткер үгіт-насихат жұмыстарын жүргісді. Барлық сыныптарда олар өздерін таныстырып, өз жоспарлары туралы айтып берді. Барлық оқушылар өз таңдаңдауларын жасап, нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 9 сынып оқушысы Сейдахмет Айсұлу мектеп Президенті атанды.