04
декабрь
2020
"Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қыркүйек айының 8 күні 8 - сынып оқушыларының ата - аналарымен қашықтықтан жиналыс өткізілді. Жиналыстың тақырыбы: Штаттық режимді сақтай отырып, оқу процесін ұйымдастыру кезінде санитарлық талаптарды сақтау. 8 - сынып жетекшісі Е.Қ.Біржанов түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Пандемия кезінде ең бірінші оқушылардың денсаулығы маңызды екендігі айтылды. Мектеп күшейтілген режимді қатаң сақтауда. Оқушылар таңертеңгі фильтрден өткізіледі. Тепловизормен температуралары өлшенеді. Маска киюі сақталады. Оқушылардың әлеуметтік арақашықтықтың сақтауы қадағаланады. Үзіліс кезінде оқушылардың қозғалысы кезекші мұғалім тарапынан бақыланады. Мектепте тонель, санитайзер, антисептік, қолжуғышпен қамтылған. Ата - аналар барлық талаптармен танысты. Жиналыс барысында өз пікірлерімен бөлісті. 8 - сынып ата - аналар жиналысы.
[img]http://https://scontent.fala3-2.fna.fbcdn.net/v/t1.0-9/119070534_172850987654839_7791399719182086678_n.jpg?_nc_cat=106&ccb=2&_nc_sid=8bfeb9&_nc_eui2=AeFQ2kYJ0mRNy34khvg9S3Q_k0fd3I3-SFaTR93cjf5IVgRY2PsrIvy9PV63HVB_A1T6uC4eO6RIwimcY7PS5LVd&_nc_ohc=xb3CdyW5yj8AX8Pn2ps&_nc_ht=scontent.fala3-2.fna&oh=2dcca10f0cd60d8b8215c4a8e8f5b6a4&oe=5FEE85A7[/img]